
№1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Мереке барысында директор құттықтау сөз сөйлеп, бұл күннің ел тәуелсіздігі мен бірлігінің, сондай-ақ дамуға деген ұмтылыстың символы екенін атап өтті. Аурухананың адал еңбегімен және жоғары кәсіби шеберлігімен ерекшеленген қызметкерлері Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамоталары және Алғыс хаттарымен марапатталды.
Кардиомиопатиялар
- Қаралды: 51
«Кардиомиопатия» термині алғаш рет 1957 жылы жүрек жеткіліксіздігімен, кардиомегалиямен, прогрессивті курспен бірге жүретін түсініксіз этиологиялы миокард ауруларына қатысты қолданылды.
Кардиомиопатиялар-миокард дисфункциясының дамуына әкелетін созылмалы, ауыр миокард ауруларының гетерогенді тобы.
Жіктеу
Идиопатиялық-яғни олардың пайда болу себебі белгісіз
Астана қаласы әкімдігінің «№1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК ұжымы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілікке белсене қатысты. Сенбілік барысында қызметкерлер аурухана аумағын тазалап, жасыл желектерді ретке келтіріп, қоқыстарды жинады.
Ананың ақ сүтімен дарыған – саулық пен сана
- Қаралды: 34
Авторы: Абдикаримова А.А., неонатолог дәрігер, Көпбейінді қалалық балалар ауруханасы.
Жаңа туған сәбиге ана сүтінен артық тағам жоқ. Бұл – баланың алғашқы күндерден бастап дұрыс дамуына, иммунитетінің қалыптасуына, психологиялық тұрақтылығына әсер ететін өмірлік маңызды қорек. Ана сүті – табиғаттың өзі тарту еткен теңдессіз байлық.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) мен ЮНИСЕФ ана сүтімен қоректенуді баланың алғашқы 6 айында жалғыз және толыққанды тамақ көзі ретінде ұсынады. Бұл — ғылыммен дәлелденген, бүкіл әлемде қолдау тапқан тәсіл.
Ана сүтінің артықшылықтары.
Бүгін №1 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасында кішкентай науқастардың игілігі үшін әлі де еңбек етіп жүрген зейнеткер қызметкерлерді құрметтеуге арналған салтанатты іс-шара өтті.
Кәсіподақ комитетінің бастамасымен ардагер мамандарға ұзақ жылғы адалдығы мен денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін естелік сыйлықтар табысталды.
Кәсіподақ комитетінің төрайымы М. Джапарова әріптестеріне ыстық ықыласын білдіріп, құттықтау сөз сөйледі. Ол олардың жас мамандарды тәрбиелеудегі және медициналық қызметтің озық дәстүрлерін сақтаудағы маңызды рөлін атап өтті.
