Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті
- Қаралды: 31
№1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Мереке барысында директор құттықтау сөз сөйлеп, бұл күннің ел тәуелсіздігі мен бірлігінің, сондай-ақ дамуға деген ұмтылыстың символы екенін атап өтті. Аурухананың адал еңбегімен және жоғары кәсіби шеберлігімен ерекшеленген қызметкерлері Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамоталары және Алғыс хаттарымен марапатталды.
Қазақстан Республикасы күні — 1990 жылдың 25 қазанында қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларацияға арналған маңызды мереке. Бұл күн еліміздің тәуелсіздігін нығайту, бірлік пен өркендеу жолында халқымыз жүріп өткен тарихи жолды еске салады.
Іс-шараның жылы әрі салтанатты атмосферасы медицина қызметкерлерінің еңбегіне деген құрмет пен отандық денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесіне деген зор мақтаныш сезімін білдірді.
