Пациенттерге қолдау көрсету Бөлімге өту
8 (7172) 35-13-05
Анықтама
+7 (7172) 35-11-87, 35-13-05, +7-700-966-24-96 (whatsapp)
Сенім телефоны
gdb1_glav@mail.ru
E-mail
Астана қ.
Тәуелсіздік к. 11/1

Бүгін аурухана қабырғасында тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алу, диагностикалау және емдеуге арналған өзекті тақырыпқа бағытталған оқу семинары өтті. Іс-шараға дәрігерлер, орта және кіші медициналық қызметкерлер қатысты.

Мамандар вирустық инфекцияларды ерте анықтаудың заманауи тәсілдерін талқылап, тұмау мен ЖРВИ-дің эпидемиялық маусымында алдын алу шараларының маңыздылығын еске салды.

Бүгін біздің ұйымымызда «Балалардағы функционалды іш қатудың терапиясы» тақырыбында дәріс өтті.

Спикер – «АМУ» КеАҚ балалар аурулары кафедрасының доценті Сатыбаева Рашида Темірханқызы.

Кездесу барысында диагностикалау мен емдеудің өзекті мәселелері қарастырылып, маман тарапынан практикалық ұсынымдар берілді.

Спикерге құнды ақпарат үшін, ал қатысушыларға белсенділік танытқандары үшін алғыс білдіреміз!

 

№1 Қалалық көпсалалы балалар ауруханасында Пациент қауіпсіздігі күніне орай ұлттық акция аясында қызықты да танымды челлендж өтті.

Іс-шараның мақсаты – қызметкерлерге, кішкентай пациенттер мен олардың ата-аналарына медицина ұйымындағы қауіпсіздік әрқайсымыздан басталатынын еске салу.

Аурухана қызметкерлеріне ДДСҰ (ВОЗ) және ACQH ақпараттық материалдары негізінде негізгі үндеулері бар дәріс өткізілді.

Ата-аналар мен балалар үшін қол жуу гигиенасы, дәрігердің ұсынымдарын дәл сақтаудың маңызы және дәрі-дәрмекті қауіпсіз қолдану тақырыптарында шағын дәрістер мен әңгімелер ұйымдастырылды.

Челлендж медицина қызметкерлерін, пациенттер мен олардың отбасыларын біріктірді. Барлық қатысушылар пайдалы мәліметтерді қолжетімді әрі қызықты түрде алды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 9 қыркүйектегі Жолдауында денсаулық сақтау саласына тікелей қатысты негізгі бағыттар көрсетілген.

№ 1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының директоры А.Х. Шаймердинова келесі бағыттар біздің аурухана үшін ерекше маңызға ие екенін атап өтті, олар:

Жаңа оқу жылы қарсаңында №1 Көпсалалы қалалық балалар ауруханасының кәсіподақ комитеті биыл мектеп табалдырығын алғаш аттайтын қызметкерлердің балаларына ерекше көңіл бөлді.

Ұжым қызметкерлеріне қолдау мен қамқорлық көрсету мақсатында болашақ бірінші сынып оқушыларына оқу жылын сәтті бастауға қажетті сыйлықтар табыс етілді. Бұл шағын, бірақ аса маңызды сыйлықтар ұжымның бірлігінің және қызметкерлердің тек жұмыс орнында ғана емес, отбасылық өмірінде де қолайлы жағдай жасауға деген ұмтылысының айқын көрінісіне айналды.

«Әрбір бала үшін бірінші сыныпқа бару – мәні зор әрі толқытатын оқиға. Біз осындай маңызды сәтте әріптестеріміздің жанынан табылып, олардың отбасыларын қолдағанымызға қуаныштымыз», – деп атап өтті кәсіподақ комитетінің төрайымы М. Джапарова.

logo-kz.jpg
Ғылым мен медициналық тәжірибенің үздігі - балалар игілігіне!
Мекен-жай: Астана қаласы, Тәуелсіздік д. 11/1
Анықтама телефоны:
8 (7172)35-13-05
Сенім телефоны: +7 (7172)
35-11-87, 35-13-05,
+7 700 966 24 96
© Copyright 2026 site-pro.kz.