БЦП диагнозы бар мүмкіндігі шектеулі балаларға көп көңіл бөлінеді "Қамқорлық" оңалту орталығы бар. Оңалту кешені бар, оған логопедтер, психотерапевтер, физиотерапевтер, массажисттер, жаттығу терапиясының нұсқаушылары қатысады.
Науқастарды емдеуге мультидисциплинарлық тәсіл қолданылады – науқастың төсегінде кез-келген маманнан тікелей кеңес алуға болады. Ауруханада баланың жағдайы ауыр болса да, анасы баланың жанында болуы үшін жағдай жасалған. Мысалы, реанимация бөлімшесінде аналар балаларының қасында болады.
Бөлімшелерде жаңа туған балалар, уақытынан бұрын туған балалар және неврологиялық патологиясы бар балалар медициналық көмек алады. Аурухана «МУА» АҚ балалар аурулары кафедрасының клиникалық базасы.
Астана қаласының №1 қалалық балаллар ауруханасы «Бала жүрегіне жақын аурухана» атағы мен БҰҰ ЮНИСЕФ балалар қоры «Алтын тақтасының» иегері. Бұл атаққа аурухана емшек сүтімен қоректендіруді насихаттағаны үшін және бұл жұмыстың жоғары нәтижелері үшін иеленді. Бүгінгі таңда біздің аурухана 2021 жылы рессертификациядан өтті.
Аурухана ұжымы ДДҰ/ЮНИСЕФ ЮНФПА ұсынған мынадай негізгі стратегия мен бағдарламаларды орындау үшін еңбек етеді: «Емшек сүтімен қоректендіруді қорғау, қолдау және марапаттау», «Отбасын жоспарлау», «Балалар жасындағы ауруларды және тым жас балалардың дамуын бірлесе жүргізу», «Тірі туу мен өлі туудың халықаралық өлшемдерін енгізу».
Педиатриялық бейіндегі бөлімшеде емшек сүтімен қоректендіру бойынша аналарды оқытуға арналған денсаулық мектебі аптасына төрт рет жұмыс істейді. Емшек сүтімен қоректендіру бойынша «Жалынды желі» жұмыс істейді. Телефон 35-11-65.
«Бала құқығы туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы8 тамыздағы Заңымен, Қазақстан Републикасында 1994 жылғы 8 маусымда ратификацияланған және БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған «Бала құқығы» конвенциясының 6 және 7 баптарына сәйкес ДДҰ ұсынған тірі туу мен өлі туу өлшемдеріне аурухана ұжымы 2008 жылдан бастап өтті.
Перинаталдық көмекті жақсарту бойынша мониторинг жүргізу, бағалау және өткізілген іс-шараларға уақытында түзету енгізуге, аталған міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін бірден-бір шара «BABIES» әдістемесі.