Пациенттерге қолдау көрсету Бөлімге өту
8 (7172) 35-13-05
Анықтама
+7 (7172) 35-11-87, 35-13-05, +7700 966 25 87 (ватсапп)
Сенім телефоны
gdb1_glav@mail.ru
E-mail
Астана қ.
Тәуелсіздік к. 11/1

№3 педиатриялық бөлімше

Бөлімінің меңгерушісі

Еламанова Жанна Калилоллақызы

Жоғары санатты дәрігер - педиатр, еңбек өтілі 21 жыл

Телефон: 35-12-10

 

 

Бөлімше аурухананың бас корпусының бесінші қабатында орналасқан. 45 төсекке есептелген.

Төсек бейіні:

  • Аллергологиялық – 12;
  • Гематологиялық – 11;
  • Гастроэнтерологиялық – 9;
  • Кардиологиялық – 3;
  • Ревматологиялық – 8;
  • Педиатриялық-2.

Бөлімше дәрігерлері: 

  • Шабанова Анара Раджабовна - ревматолог дәрігер, жұмыс өтілі 8 жыл.
    Утельбаев Нурлан Роланович - екінші санатты аллерголог дәрігер, жұмыс өтілі 6 жыл.

Балаларға арналған аллергологиялық бейін. 18 жасқа дейінгі балаларды шұғыл түрде емдеуге жатқызу үшін көрсетілімдер: бронх демікпесі; атопиялық дерматит; аллергиялық ринит және конъюнктивиттер; поллиноз; есекжем және квинке ісінуі; инсектілік аллергиясы бар науқастар; дәрі-дәрмектерге жіті токсикологиялық-аллергиялық реакциялар; контактілі дерматиттер; сарысулық ауру; тағамдық және дәрілік аллергиясы бар науқастар; анафилактикалық шок және анафилактоидтық реакциялар

Балаларға арналған гастроэнтерологиялық бейін. Асқазан және ұлтабар ауруларымен (гастроэзофагальды рефлюкс ауруы, созылмалы гастродуоденит, эрозивті гастродуоденит, асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруы); ішек ауруларымен (спецификалық емес ойық жара, тітіркенген ішек синдромы); бауыр және өт шығару жолдарының ауруларымен (созылмалы гепатит, бауыр циррозы, өт тас ауруы, созылмалы холецистит) (созылмалы панкреатит); паразитоздар (описторхоз) ауруларымен шұғыл түрде емдеуге жатқызылады.

Балаларға арналған кардиологиялық бейін. Бөлімше жағдайында жүрек ырғағының әртүрлі бұзылыстары, миокардтың қабыну аурулары, кардиомиопатиялар, артериялық гипертензия бар 18 жасқа дейінгі балаларды емдеу және тексеру жүргізіледі.

Балаларға арналған ревматологиялық бейін. Ревматикалық аурулар тобында дифференциалды диагностиканы талап ететін, алғаш рет анықталған «ревматологиялық синдромдар»: жедел ревматикалық қызба, тірек –қимыл жүйесінің қабыну аурулары: ревматоидты артрит, реактивті артриттер; дәнекер тінінің жүйелі аурулары (жүйелі склеродермия, асқыну сатысындағы және базистік терапияны түзету үшін дерматополимиозит), пульс-терапия және иммунобиологиялық терапия жүргізу үшін асқыну сатысындағы жүйелі васкулиттер.

Балаларға арналған гематологиялық бейін.  анемияның әртүрлі түрлері бар 18 жасқа дейінгі пациенттерді тексеру және емдеу; коагулопатиялары бар пациенттерді тексеру және емдеу; қан түзудің депрессияларының (туа біткен және жүре пайда болған апластикалық анемиялар), идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпураның, тромбоцитопатияның және гемостаз коагуляциялық буынының бұзылуының әртүрлі нысандары.

№3 педиатрия   бөлімшесіне Астана медицина университеті «№1 балалар аурулары» кафедрасының профессор - оқытушылар құрамы кеңестік көмек көрсетеді. Кафедра жетекшісі – профессор, м.ғ. д., жоғары санатты дәрігер педиатр, аллерголог – иммунолог Моренко Марина Алексеевна. Кафедра меңгерушісі доцент, жоғары білікті санатты педиатр дәрігер Гатауова Мадина Рафхатовна, бөлімшеге консультациялық көмек көрсетеді.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
  • 07
  • 08
logo-kz.jpg
Ғылым мен медициналық тәжірибенің үздігі - балалар игілігіне!
Мекен-жай: Астана қаласы, Тәуелсіздік д. 11/1
Анықтама телефоны:
8 (7172)35-13-05
Сенім телефоны: +7 (7172)
35-11-87, 35-13-05,
+7700 966 25 87 (ватсапп)

ПҚҚ

© Copyright 2024 site-pro.kz.