Пациенттерге қолдау көрсету Бөлімге өту
8 (7172) 35-13-05
Анықтама
+7 (7172) 35-11-87, 35-13-05, +7700 966 25 87 (ватсапп)
Сенім телефоны
gdb1_glav@mail.ru
E-mail
Астана қ.
Тәуелсіздік к. 11/1

Азаматтардың жедел медициналық жәрдем қызметіне жүгіну ережесі

Жедел медициналық жәрдем (ЖМЖ) «103» қалалық телефонына келесі жағдайларда хабарласады:

1) жазатайым оқиғалар, жарақаттар немесе уланулар;

2) науқастың немесе оны қоршаған адамдардың өмірі мен денсаулығына елеулі зиян келтіретін аурулардың өршуі;

3) босану немесе жүктілік ағымының асқынулары;

4) жіті коронарлық синдром.

Мұндай жағдайларда дереу жедел медициналық жәрдем қызметіне хабарласыңыз! (ЖМЖҚ).

Ескертпе: бұдан басқа, алғашқы медициналық-санитариялық көмек мамандарының өтініші бойынша ЖМЖҚ қызметкерлері шұғыл емдеуге жатқызуды қажет ететін пациенттерді тасымалдауды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының азаматтарына, оның аумағындағы шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға жедел медициналық жәрдем тегін көрсетіледі.

ЖМЖ қызметінің мамандары келесі жағдайларда үйге бармайды:

1) амбулаториялық-емханалық ұйымдардың жұмыс сағаттарында шұғыл медициналық көмекке мұқтаж емес науқастың үйіне;

2)емдеуші дәрігер тағайындаған (көктамыр ішіне, бұлшықетішілік, тері астына инъекциялар, қандағы қантты анықтау және т. б.) емшараларды орындауға;

3) шұғыл госпитализацияны қажет етпейтін жоспарлы науқастарды тасымалдауға;

4) сот-наркологиялық және медициналық сараптамалардың басқа да түрлерін жүргізуге;

5) медициналық ұйымдарға консультациялық көмек көрсетуге;

6) науқастарды стационардан үйге жеткізуге;

7) өлім жағдайларын куәландыруға;

8) созылмалы аурулар болған жағдайда, әртүрлі ауруларды емдеу үшін тағайындаған манипуляцияларды (бұлшықетішілік, көктамыр ішіне инъекциялар) орындау кезінде науқастың тұрғылықты жері бойынша емханаға медициналық көмекке жүгінуі қажет.

Ескертпе:

  1. Жұқпалы аурулардың (мысалы: тұмау, гепатит, қызылша және т.б.) алдын алу және өз денсаулығын сақтау мақсатында қала тұрғындарына тұрғылықты жері бойынша емханаларда профилактикалық егу қабылдау қажет.
  2. Жедел медициналық жәрдем қызметінің мамандары сот-медициналық қорытындылар, алкогольдік масаңдықты куәландыру актілерін, еңбекке жарамсыздық парақтары мен анықтамалар бермейді.

Азаматтардың жедел медициналық жәрдем қызметіне жүгіну ережесі

№ 1 ереже

Қоңырау шалушы науқастың нақты мекен-жайын, кіретін есіктің кодын, сондай-ақ үйге жетудің ең оңай жолын түсіндіруі керек. Бұдан басқа, жедел медициналық жәрдем қызметінің қызметкері қоятын пациент туралы барлық сұрақтарға барынша дәл жауап беру қажет, себебі қажетті (кардиологиялық, педиатриялық, желілік және т.б.) бейіндегі бригаданың келу жылдамдығы осыған байланысты.

№ 2 ереже

Диспетчермен сөйлескеннен кейін бірнеше минут өткен соң, пәтердегі адамдардың бірі (егер, әрине, жағдай мүмкіндік берсе) далаға шығып, жедел медициналық жәрдем қызметкерлерін қарсы алу керек. Әсіресе мұндай әрекеттер кешке және түнде құпталады. Өйткені олар бригаданың келуін жеделдетеді.

№ 3 ереже

Оқиға орнына келген жедел медициналық жәрдем қызметкерлерінің жұмыс істеуі үшін жағдай жасауы керек, өйткені оның тиімділігі осыған байланысты.

Бірінші кезекте науқастың қасынан бөгде адамдарды шығару керек. Содан кейін жедел медициналық жәрдем қызметіне жүгінуге түрткі болған себептерді нақты тұжырымдау, сондай-ақ ЖМЖ бригадасы келгенге дейін пациенттің шағымдары мен мінез-құлқы туралы хабарлау қажет.

Бұдан басқа, егер науқас созылмалы аурулармен ауыратын болса, алдын ала ЖМЖ бригадасының келуі бойынша аурудың динамикасы тіркелетін қолда бар барлық құжаттарды (емханалық амбулаториялық карта, ауру тарихынан үзінді көшірмелер, кардиограммалар және т.б.) дайындау және дәрігерге беру қажет.

№ 4 ереже

Пациентті ауруханаға жатқызған жағдайда оны тек бір туысына немесе танысына еріп жүруге рұқсат етіледі.

Ескертпе: жедел медициналық жәрдем бригадасын негізсіз шақыруға жол берген немесе диспетчерге көрінеу жалған ақпарат хабарлаған адамдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

logo-kz.jpg
Ғылым мен медициналық тәжірибенің үздігі - балалар игілігіне!
Мекен-жай: Астана қаласы, Тәуелсіздік д. 11/1
Анықтама телефоны:
8 (7172)35-13-05
Сенім телефоны: +7 (7172)
35-11-87, 35-13-05,
+7700 966 25 87 (ватсапп)

ПҚҚ

© Copyright 2024 site-pro.kz.