Біздің мекеменің конференц-залында Экономикалық тергеу департаментінің өкілдері – Нысанбаев Асхат Жұмағалиұлы, Аязов Нұрғали Нұрсейітұлы және Қанапин Ренат Талғатұлымен кездесу өтті.
Спикерлер қаржы пирамидаларының тұзағына қалай түсіп қалмау керектігін, алаяқтық схемалар мен дропперлерді қалай тануға болатынын егжей-тегжейлі айтып берді, практикалық кеңестермен бөлісті және қызметкерлердің сұрақтарына жауап берді.
Осындай атаумен №1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында қазақ халқының рухани байлығының символына айналған ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына арналған ерекше іс-шара өтті.
Бұл күні аурухана қызметкерлері күнделікті қарбаластан сәл алыстап, ойды оятып, жанды тазарта алатын ұлы мұраға үңілді. Абай поэзиясынан үзінділер оқылып, викторина ұйымдастырылып, оның өмірбаянының беттері қайта жаңғырды. Шынайы ықыласпен дайындалған презентациялар мен музыкалық нөмірлер көрермендерді баурап алды.



