Суық тию маусымында қарапайым, бірақ тиімді алдын алу шараларын сақтау өте маңызды:
- Вакцинация — тұмаудың ауыр өту қаупін төмендетудің сенімді жолы.
- Адам көп жиналатын орындарда бетперде тағу.
- Қолды жиі жуу.
- Бөлмені әр 2–3 сағат сайын желдету.
- Үйдегі ауаны ылғалдандыру және жайлы температураны сақтау.
- Ауырып жүрген адамдармен түйісуден аулақ болу.
- Дұрыс тамақтану, жеткілікті ұйқы және су ішу режимі — баланың иммунитетін нығайтады.
Алғашқы белгілер (жөтел, мұрынның бітелуі, температура) пайда болғанда — өзін -өзі емдемей , міндетті түрде дәрігерге жүгініңіз.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!
Елордадағы тұмау және ЖРВИ: дәрігерлер тұрғындарды емханадағы сүзгі-кабинеттерге жүгінуге шақырады
- Қаралды: 45
Елордадағы тұмау және ЖРВИ: дәрігерлер тұрғындарды емханадағы сүзгі-кабинеттерге жүгінуге шақырады.
Күз-қыс маусымының басталуымен жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) мен тұмау ауруларының көбеюі әдеттегі жағдай. Инфекциялардың таралуының алдын алу мақсатында Астана қаласының медициналық ұйымдары тұрғындарға аурудың алдын алу шараларын сақтау және дер кезінде дәрігерге қаралу қажеттігін еске салады.
Дене қызуының көтерілуі, жөтел, тамақтың ауыруы, мұрынның бітелуі, әлсіздік сияқты ауру белгілері байқалған жағдайда, өзін-өзі емдеумен айналыспай, тіркелген медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) ұйымына жүгіну ұсынылады.
Қаланың барлық емханаларында ЖРВИ белгілері бар науқастарды қабылдап, пациенттерді қарап-тексеру, экспресс-диагностика, қажет болған жағдайда ем тағайындайтын сүзгі-кабинеттер мен жедел көмек кабинеттері жұмыс істейді.
Сүзгі-кабинеттер мен жедел көмек кабинеттерінің жұмыс уақыты:
Неліктен маска кию маңызды?
- Қаралды: 35
Маска кию - өзімізді және айналамыздағы адамдарды қорғау үшін қабылдай алатын қарапайым және тиімді шара. Бұл қоғамның денсаулығына және жұқпалы аурулармен күресуге қосқан маңызды үлесі. Маска киіп, сау болыңыз!
Бұл күндері әлеуметтік желілерде қант диабеті, церебральды сал ауруы және басқа да созылмалы аурулары бар пациенттер медициналық көмек пен дәрі-дәрмектерге қол жетімділіктің шектеулеріне тап болады деген жалған ақпарат таратылуда. Бұл мүлдем шындыққа жанаспайды.
Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік мәні бар және созылмалы аурулары бар пациенттерге медициналық көмектің көлемі мен сапасы бойынша кепілдіктер толық көлемде сақталатынына сендіреді.
ТМККК 11 АУРУДЫ ЕМДЕУДІ ҚАМТИДЫ
Жаңартылған тізбеге 11 нозология кіреді, олар бойынша медициналық көмекпен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде-пациенттің сақтандыру мәртебесіне қарамастан ұсынылады.
ТМККК пакетінде мыналар қалады:

