Пациенттерге қолдау көрсету Бөлімге өту
8 (7172) 35-13-05
Анықтама
8 (7172) 35-11-87
Сенім телефоны
gdb1_glav@mail.ru
E-mail
Астана қ.
Тәуелсіздік к. 11/1

Кеуде сүтімен емізу

Емшекпен емізу тәжірибесін қолдау мен ынталандырудың маңыздылығын түсіне отырып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) және Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) 1989 жылы «Емшекпен емізуді қорғау, көтермелеу және қолдау» бірлескен декларациясын жасады, онда алғаш рет сәтті емізудің 10 қағидасы (қадамдары) әзірленді және анықталды.

«№1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК баланы ана сүтімен сәтті емізудің барлық қадамдарын енгізіп, «Балаға жылы қарым-қатынас аурухана» мәртебесін алды.

Бұл бастама емшекпен емізу жолындағы ауруханалық кедергілерді жоюға және неонаталды, сондай-ақ нәрестелік сырқаттанушылық пен өлім-жітімді азайтуға ықпал етуге, сондай-ақ әрбір емізілген емшек сүтімен кейінгі жылдары баланың денсаулығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Бүгін «№1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК  емізу бойынша аналарға арналған кезекті дәріс өтті.

Егер сіз ана болсаңыз немесе нәресте күтіп жүрген болсаңыз, коронавирустық инфекцияның (COVID-19) өршуі кезінде сіздің балаңыз үшін ең қауіпсіз нәрсе туралы сұрақ қою табиғи нәрсе.

Көптеген жағдайларда дәлелдемелер баланы емізуді қолдайды. Дене байланысы және ерте, тек емшек сүтімен емізу сіздің балаңыздың дамуына көмектеседі және вирус пайда болғаннан кейін оны тоқтатуға ешқандай себеп жоқ.

Бүгінгі таңда COVID-19 (инфекцияны тудыруы мүмкін вирус) емшек сүті арқылы және емізу кезінде берілу мүмкіндігін растайтын фактілер табылған жоқ, дегенмен зерттеушілер бұл мәселені зерттеуді жалғастыруда.

Сіз өзіңізді сау сезінсеңіз де, covid-19 белгілері мен симптомдарын сезінсеңіз де, балаңызды емізуден бас тартпауыңыз керек. Емшек сүтінде балалардың иммунитетін арттыратын және оларды көптеген инфекциялардан қорғайтын антиденелер бар. Егер нәресте осы инфекцияға ұшыраса, емшек сүтіндегі антиденелер мен биоактивті заттар COVID-19 инфекциясымен күресуі мүмкін.

Ана сүтімен сәтті емізудің он қадамы.

1а. «Ана сүтінің алмастырушыларын тарату бойынша халықаралық ережелерді» және дүниежүзілік денсаулық сақтау Ассамблеясымен қабылданған барлық резолюцияларды толық орындау қажет.

1б. Жаңа туған нәрестелерді тамақтандыру саясаты: ана сүтімен емізу бойынша жазбаша бекітілген саясаттың болуы және оны жүйелі түрде медициналық ұйымның барлық қызметкерлеріне және отбасы мүшелеріне хабардар ету.

1с. Жүйенің мәдіметтерін басқару және мониторингілеу: жүйенің мәліметтерін тұрақты түрде  басқару  және мониторингілеу.

2. қызметкерлердің құзыреті: ана сүтімен емізуді қолдау бойынша медициналық персоналдың білім мен дағдыны жеткілікті игергеніне көз жеткізу.

Ана мен бала арасында өзара сүйспеншілік сезімін оятатын тығыз қарым-қатынас туындайды.

Анада сәбиән емізуден және оны толыққанды күтім жасаудан эмоционалды қанағаттану сезімі қалыптасады.

Сәби сирек жылап, салмағы арта бастайды.

Анасының сенімділігі арта түседі.

Сәбидің тастанды болу немесе жәбірлену мүмкіндігі сирек кездеседі.

Емізулі анаға арналанған тиісті емдәмнің құны баланы тамақтандыруға арналған жасанды қоспаның құнынан төмен.

Ана үнемделген қаражатты отбасының басқа мүшелеріне қолдана алады.

Емізуге және  сүтті саууға қажетті қоспалар мен жабдықтарды (сүтсауғыш және т.б.) сатып алудың қажетті жоқ.

Отбасы электр энергиясына, суға, жарнамайға деген  қосымша қаражатты да шағындамайды.

Медициналық кеңестер, дәрі – дәрмектерге, зертханалық зерттеулерге және ауруханада жатуға арналған шағындар азаяды. Ана мен баланың денсаулығы мықтырақ болады.

Ана сүтін емізу босанғаннан кейінгі қан кету мне анемияның даму қаупін азайтады.

Омыраумен емізу ананың тән сымбатын қалпына  келтіруге көмектеседі. Ана сүтімен емізу жаңа жүктілікті болдыртпайды.

Ана сүтін емізуді сәтті бастау анада өзінің сәбиін үйлдесімді қорекпен және дұрыс күтіммен қамтамасыз ете аламын деген сенімділіктің қалуптасуына жағдай жасайды.

Ана сүті әруақытта қолжетімді және уақытты, қаражатты үнемдеуге, сонымен қатаркүш – қуатты қалпына келтіруге мүмкін береді.

Ана сүтінің құрамында  Сіздің сәбиіңіздің қалыпты өсіп – дамуына жетілікті мөлшерде болатын барлық қажетті заттетер : нәруыздар, майлар, лактоза, дәрумендер, темір, су, ферменттер болады.

Ана сүтін емген балалардың денсаулыіы анағұрлым мықтырақ болады.

Ана сүті жұқпалардан қорғайды, сондай – ақ, аллергия, диабет және дене салмағының даму мүмкіндігін азайтады.

Ана сүтін емген балалар арасында сәбилердің кенеттен өліп кету синдромының даму қаупі төмен болады.

Ана сүті стерилді, бактериялармен зарарланбайды және де микробтарға қарсы тұратын қасиеттері бар.

Ана сүтінің температурасы қалыпты, әрқашан қолжетімді, стерилді және қауіпсіз қорек.

Ана сүтінде сәби миының дамуына қажетті алмастырылмайтын  май қышқылдары бар.

Ана сүті – емізулі баланың дене бітімі мен ой – санасының толыққанды дамуына ықпал ететін, баланың да, анасының да денсауылығына оңтайлы әсер тигізетін, бала үшін тендесі жоқ қорек болып табылады.

Ана сүтін емізу баланың иммунитетун қалыптастырып және денсаулығын нығайта отырып, ана мен бала арасындағы псиохоэмоционалдық байланыстың туындауына ықпал етеді.

logo-ru.jpg
Ғылым мен медициналық тәжірибенің үздігі - балалар игілігіне!
Мекен-жай: Астана қаласы, Тәуелсіздік д. 11/1
Анықтама телефоны:
8 (7172)35-13-05
Сенім телефоны: 35-11-87
© Copyright 2022 site-pro.kz.