МГДБ №1 кәсіподақ комитеті қызметкерлердің балаларын – болашақ бірінші сынып оқушыларын құттықтады
- Қаралды: 58
Жаңа оқу жылы қарсаңында №1 Көпсалалы қалалық балалар ауруханасының кәсіподақ комитеті биыл мектеп табалдырығын алғаш аттайтын қызметкерлердің балаларына ерекше көңіл бөлді.
Ұжым қызметкерлеріне қолдау мен қамқорлық көрсету мақсатында болашақ бірінші сынып оқушыларына оқу жылын сәтті бастауға қажетті сыйлықтар табыс етілді. Бұл шағын, бірақ аса маңызды сыйлықтар ұжымның бірлігінің және қызметкерлердің тек жұмыс орнында ғана емес, отбасылық өмірінде де қолайлы жағдай жасауға деген ұмтылысының айқын көрінісіне айналды.
«Әрбір бала үшін бірінші сыныпқа бару – мәні зор әрі толқытатын оқиға. Біз осындай маңызды сәтте әріптестеріміздің жанынан табылып, олардың отбасыларын қолдағанымызға қуаныштымыз», – деп атап өтті кәсіподақ комитетінің төрайымы М. Джапарова.
