Пациенттерге қолдау көрсету Бөлімге өту
8 (7172) 35-13-05
Анықтама
+7 (7172) 35-11-87, 35-13-05, +7-700-966-24-96 (whatsapp)
Сенім телефоны
gdb1_glav@mail.ru
E-mail
Астана қ.
Тәуелсіздік к. 11/1

Пациент қауіпсіздігі күніне арналған челлендж – №1 ҚККБ

№1 Қалалық көпсалалы балалар ауруханасында Пациент қауіпсіздігі күніне орай ұлттық акция аясында қызықты да танымды челлендж өтті.

Іс-шараның мақсаты – қызметкерлерге, кішкентай пациенттер мен олардың ата-аналарына медицина ұйымындағы қауіпсіздік әрқайсымыздан басталатынын еске салу.

Аурухана қызметкерлеріне ДДСҰ (ВОЗ) және ACQH ақпараттық материалдары негізінде негізгі үндеулері бар дәріс өткізілді.

Ата-аналар мен балалар үшін қол жуу гигиенасы, дәрігердің ұсынымдарын дәл сақтаудың маңызы және дәрі-дәрмекті қауіпсіз қолдану тақырыптарында шағын дәрістер мен әңгімелер ұйымдастырылды.

Челлендж медицина қызметкерлерін, пациенттер мен олардың отбасыларын біріктірді. Барлық қатысушылар пайдалы мәліметтерді қолжетімді әрі қызықты түрде алды.

Бұл іс-шара №1 ҚККБ үшін тек танымды шара ғана емес, сонымен бірге денсаулық пен қауіпсіздікке қамқорлық – ортақ жауапкершілік екенін еске салды.

Біз мұндай бастамалар тұрақты қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, ауруханада болуды одан әрі жайлы әрі сенімді етеді деп сенеміз.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
logo-kz.jpg
Ғылым мен медициналық тәжірибенің үздігі - балалар игілігіне!
Мекен-жай: Астана қаласы, Тәуелсіздік д. 11/1
Анықтама телефоны:
8 (7172)35-13-05
Сенім телефоны: +7 (7172)
35-11-87, 35-13-05,
+7 700 966 24 96
© Copyright 2026 site-pro.kz.