E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Басты

Қымбатты емделушілер мен олардың туысқандары!

Міндет

Балалар мен олардың ата-аналарымен сенімді қарым-қатынасқа негізделген тиісті адамгершілік қасиеттері бар білікті мамандардың уақытылы стационарлық көмек көрсету арқылы және диагностика мен емдеудің заманауи әдістері қолдана отырып балалар денсаулығын жақсарту.

Мақсат

Балалардың толыққанды өмірін қамтамасыз етуге жәрдем беретін спалы мамандандырылған көмек көрсетуге бағытталған №1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында бар мүмкіндіктерді пайдаланудың тиімді жүйесі.

Құндылықтар

1. Пациенттерге бейімдеушілік- әр балаға көмектесуге деген шанайы ықылас және пациент пен ата-анасының үмітін ақтау.

2. Кәсібилік- пациенттің және ұжымның игілігі үшін жоғары жетістікке жету мақсатында терең білімін, мүмкіндіктерін және тәжірибесін қолдану.

3. Көшбасшылық-қызметкерлердің таланты мен қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау. Әр қызметкердің қабілетін дамыта отырып, өз-өзіне сенімділігін орнатамыз дәне аурухананң дамуына үлесімізді қосамыз.

4. Корпоративтілік- өзара сенім мен құрмет қағидасына негізделген жоғары санатты мамандар командасы.

5. Ашықтық-адалдық пен тәртіптілік қағидасын ұстану, баланың әріптестердің және қоғамның алдында ашықтық және нақтылық.


Соңғы жаңалықтар

БІЗДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫМЫЗДЫ НЫҒАЙТУДАҒЫ ДӘРУМЕНДЕРДІҢ РӨЛІ

Дәрумендер – организмнің қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті биологиялық белсенді заттар. Олар дұрыс зат алмасуға ықпал етеді, өнімділікті, төзімділікті, инфекцияларға төзімділікті арттырады. Көптеген дәрумендер организмде синтезделмейді және тек тамақпен бірге келеді.

Дені сау адамдардың дәрумендерге деген физиологиялық қажеттілігі жасына, жынысына, жұмыс сипатына, ұлттық тағамдардың дәстүрлеріне, климаттық жағдайларға және т. б. байланысты өзгереді.

Адамдар үшін дәрумендердің көзі – өсімдіктер мен жануарлардан алынатын түрлі тағамдар.

Бүгінде 20-ға жуық дәрумендер белгілі. Олардың негізгілері: В1, В2, В6, В12, РР, С, А, D, Е, К, (витаминдер латын әліпбиінің әріптерімен белгіленеді), фолий қышқылы, пантотен қышқылы, биотин және басқалар.

Тұрғындарға нұсқама «КВИ-ға қарсы екпені қалай алуға болады?»

Сәуірдің екінші жартысынан елорда тұрғындарын коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау басталмақ. Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы медициналық ұйымда вакцинация алу бойынша нұсқаулық ұсынып отыр.

  1. Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаны тіркелген жері бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымында алуға болады және ол екі кезеңмен  21 күндік айырмашылықпен жасалады;
  2. Жеке басты куәландыратын құжатымен «өз емханасына» дәрігердің шақыруымен келуі жеткілікті;
  3. Емханадағы тіркеу орнында вакцинация жүргізілетін кабинеттің нөмірін анықтаңыз. Жалпы, емханаға кірерде вакцигнация жүргізілетін ем-шара бөлмелері белгіленген;
  4. Екпе алмас бұрын пациент міндетті медициналық тексеруден өту тиіс. Оған коронавирусқа қарсы вакцина алу бойынша алгоритм түсіндіріледі;
01.png02.png03.png04.png05.png06.png