Пациенттерге қолдау көрсету Бөлімге өту
«Антибиотикпен туындаған диарея және дисбиоз» тақырыбында лекция өткізілді
- Қаралды: 26
Бүгін аурухана қабырғасында «Антибиотикпен туындаған диарея және дисбиоз» тақырыбында лекция өткізілді.
Іс-шараға стационар дәрігерлері қатысып, ААД дамуының өзекті мәселелерін, қауіп факторларын, дисбиоздың қалыптасу механизмдерін және оны түзетудің заманауи тәсілдерін талқылады.
Спикер – Рамазанова Лаззат Ахметжановна, жоғары санатты дәрігер-педиатр, клиникалық жағдайларды талдап, тәжірибеге бағытталған ұсынымдармен бөлісті.
Лекция мазмұнды өтіп, қатысушылар арасында белсенді пікір алмасуға себеп болды.
