Пациенттерге қолдау көрсету Бөлімге өту
8 (7172) 35-13-05
Анықтама
+7 (7172) 35-11-87, 35-13-05, +7-700-966-24-96 (whatsapp)
Сенім телефоны
gdb1_glav@mail.ru
E-mail
Астана қ.
Тәуелсіздік к. 11/1

Медицина қызметкерлері күні аталып өтті

2025 жылғы 13 маусымда №1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі – Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Конференц-залға аурухана қызметкерлері жиналды. Салтанатты рәсім барысында ақ халатты абзал жандарға көп жылдық адал еңбегі, жоғары кәсіби шеберлігі мен құтқарылған өмірлері үшін мақтау қағаздары, алғыс хаттар мен төсбелгілер табысталды.

Аурухана директоры Асель Шаймердинова жиналғандарды шын жүректен мерекемен құттықтап, медицина қызметкерлерінің қоғамдағы рөліне ерекше тоқталды: «Денсаулығымыз бен өміріміздің күзетінде тұрған дәрігерлерсіз қоғамның тұрақты дамуы мүмкін емес». Сондай-ақ ол денсаулық сақтау саласы қызметкерлеріне ерлігі, мейірімділігі мен өз ісіне деген адалдығы үшін алғыс айтты.

Ал 14 маусымда аурухана қызметкерлері үшін №1 КҚБА кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен тимбилдинг өтеді.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
  • 07
  • 08
  • 09
logo-kz.jpg
Ғылым мен медициналық тәжірибенің үздігі - балалар игілігіне!
Мекен-жай: Астана қаласы, Тәуелсіздік д. 11/1
Анықтама телефоны:
8 (7172)35-13-05
Сенім телефоны: +7 (7172)
35-11-87, 35-13-05,
+7 700 966 24 96
© Copyright 2025 site-pro.kz.