Пациенттерге қолдау көрсету Бөлімге өту
8 (7172) 35-13-05
Анықтама
+7 (7172) 35-11-87, 35-13-05, +7-700-966-24-96 (whatsapp)
Сенім телефоны
gdb1_glav@mail.ru
E-mail
Астана қ.
Тәуелсіздік к. 11/1

«Современник» жастар театры кішкентай емделушілеріне мереке сыйлады

«Современник» жастар театры №1 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының кішкентай емделушілеріне мереке сыйлады.

2025 жылғы 31 мамырда, Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында, №1 көпсалалы қалалық балалар ауруханасына «Современник» жастар театры келді. Бұл оқиға кішкентай емделушілер мен олардың ата-аналары үшін нағыз мерекеге айналды.

Театр әртістері көңілді көріністерге, әндер мен билерге, ойындарға толы интерактивті театрландырылған бағдарлама ұсынды. Балалар қойылымға белсене қатысып, шаттанып күліп, қол соғып, тіпті кейбірі сахнаға шығып, әртістермен бірге өнер көрсетті. Жарқын костюмдер, мейірімді кейіпкерлер мен әртістермен тікелей байланыс – мұның бәрі қуаныш пен сиқырға толы атмосфера сыйлады.

Іс-шараның мақсаты – ем қабылдап жатқан балаларға жағымды эмоциялар сыйлап, олардың көңіл-күйін көтеру, қиын сәттерде қолдау көрсету болды.

Аурухана басшылығы «Современник» театры ұжымына балаларға деген жанашырлығы мен шығармашылығын бөлісуге дайындығы үшін алғыс білдірді.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
  • 07
  • 08
  • 09
  • 091
  • 092
  • 093
  • 094
  • 095
  • 096
  • 097
  • 098
  • 099
  • 0991
logo-kz.jpg
Ғылым мен медициналық тәжірибенің үздігі - балалар игілігіне!
Мекен-жай: Астана қаласы, Тәуелсіздік д. 11/1
Анықтама телефоны:
8 (7172)35-13-05
Сенім телефоны: +7 (7172)
35-11-87, 35-13-05,
+7 700 966 24 96
© Copyright 2025 site-pro.kz.