Пациенттерге қолдау көрсету Бөлімге өту
8 (7172) 35-13-05
Анықтама
+7 (7172) 35-11-87, 35-13-05, +7-700-966-24-96 (whatsapp)
Сенім телефоны
gdb1_glav@mail.ru
E-mail
Астана қ.
Тәуелсіздік к. 11/1

Халықаралық мейірбике күні

12 мамырда № 1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында жыл сайын бүкіл әлемде атап өтілетін «Халықаралық мейірбике күні» іс-шарасы мерекелік, салтанатты және жылы атмоферада өтті.

Мейірбикелердің кәсіби мерекесі Қырым соғысы кезінде әлемдегі алғашқы мейірбике қызметін ұйымдастырған Флоренс Найтингейлдің туған күнінде атап өтіледі. 1934 жылы Ф. Найтингейл атындағы Халықаралық қор құрылып, сол қордың бастамасымен Халықаралық мейірбике күні жыл сайынғы мерекеге айналды.

Бүгінгі таңда мейірбикелер - денсаулық сақтау қызметкерлерінің ең көп бөлігі болып табылады, өйткені қызметтердің едәуір бөлігін мейірбике қызметкерлері көрсетеді.

№1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының директоры А. Шаймердинова қызметкерлерге құттықтау сөз сөйлеп, өзінің құттықтау сөзінде медбикелердің рөлі мен еңбегін атап өтті, сондай-ақ осы даңқты мамандық өкілдеріне аялы алақандары мен мейірімді жүректері үшін алғысын білдіріп, денсаулық сақтау басқармасының алғыс хаттарын, грамоталарын және ҚР ДСМ-нен  «Денсаулық сақтауға қосқан үлесі үшін» төсбелгісін табыс етті. Кәсіподақ комитетінің төрағасы М. Жапарова да құттықтау сөз сөйлеп, қалалық кәсіподақ филиалының грамоталарын және орталық кәсіподақ кеңесінің төсбелгісін табыс етті.

Зейнеткерлік жасқа жеткен мерейтой иелері мен мейірбикелер естелік сыйлықтармен марапатталды.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
  • 07
  • 08
  • 09
  • 091
  • 092
logo-kz.jpg
Ғылым мен медициналық тәжірибенің үздігі - балалар игілігіне!
Мекен-жай: Астана қаласы, Тәуелсіздік д. 11/1
Анықтама телефоны:
8 (7172)35-13-05
Сенім телефоны: +7 (7172)
35-11-87, 35-13-05,
+7 700 966 24 96
© Copyright 2025 site-pro.kz.