Біз есімізде - біз мақтанамыз!
- Қаралды: 36
Туған елдің тәуелсіздігі мен бостандығы үшін жанын қиған боздақтарымызды мәңгі есте сақтаймыз!
Жылдың айтулы мерекелерінің бірі - Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні жақындап келеді. Биыл бүкіл әлем үшін есте қаларлық оқиғаҰлы Жеңіске - 80 жыл!
Дәстүр бойынша мереке қарсаңында директор А.Х. Шаймердинова бастаған № 1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының қызметкерлері ардагерлерге барып, оларды ұлы мерекемен құттықтап, мерейтойлық төсбелгілерді, азық-түлік себеттерін табыс етті.
Бұл барлық қазақстандықтар үшін ерекше күн. 1941-1945 жылдардағы бүкіл әлем үшін қорқынышты жылдары біздің аталарымыз, әжелеріміз, әкелеріміз бен аналарымыз майданда және тылда біздің бейбітшілікте өмір сүру құқығымыз үшін шайқасты.
ҰОС кезінде КСРО армиясында қызмет еткен 178 мыңға қосымша 1 млн 200 мыңнан астам қазақстандық майданға шақырылды, олардың жартысы үйлеріне оралмады.
497 қазақстандыққа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді, ал төрт қазақстандық КСРО – ның екі мәрте Батыры атанды. Осы мереке күндері аурухана қабырғасында Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған салтанатты жиындар өтті!
Біздің қастерлі міндетіміз - ата-бабаларымыздың ерліктерін есте сақтау және оларды болашақ ұрпақтың ұмытуына жол бермеу!