Пациенттерге қолдау көрсету Бөлімге өту
8 (7172) 35-13-05
Анықтама
+7 (7172) 35-11-87, 35-13-05, +7700 966 25 87 (ватсапп)
Сенім телефоны
gdb1_glav@mail.ru
E-mail
Астана қ.
Тәуелсіздік к. 11/1

«Өкпені жасанды желдету аппараты» сатып алу бойынша тендер өткізу туралы хабарландыру

Сатып алуды ұйымдастырушы: Астана қаласы әкімдігінің «№ 1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, «Алматы» ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 11/1 «Өкпені жасанды желдету аппараты» сатып алу бойынша тендер өткізу туралы хабарлайды.

Тапсырыс беруші: Астана қаласы әкімдігінің «№ 1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, «Алматы» ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 11/1

Сатып алынатын тауарлардың толық тізбесі, жеткізу көлемі, орны, шарттары тендерлік құжаттамада көрсетілген (1-қосымша).

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 110 бұйрығындағы Қағидаларда көрсетілген талаптарға жауап беретін барлық әлеуетті өнім берушілер тендерге қатыстырылады.

Тендерлік құжаттама пакеті Астана қаласы, "Алматы" ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 11/1 ғимарат, №138 кабинет мекенжайы бойынша 2024 жылғы 06 мамыр сағат 12:00-ге дейінгі мерзімде ұсынылады. Құжаттар демалыс және мереке күндерінен басқа сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін қабылданады (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін).

Құжаттама тегін беріледі.

Тендерлік өтінімдерді қабылдаудың басталу күні 2024 жылғы 22 сәуір сағат 9:00-ден бастап. Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2024 жылғы 06 мамыр сағат 12.00-ге дейін.

Тендерлік өтінімдері бар конверттер 2024 жылғы 06 мамыр сағат 15.00-де мына мекенжай бойынша ашылады: Астана қаласы, Астана қаласы әкімдігінің "№1 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы" ШЖҚ МКК, "Алматы" ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, зд. 11/1 каб 138

2024 жылғы 06 мамырда сағат 15:00-де Астана қаласы, Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 11/1, 1 қабат, 138 кабинет мекенжайы бойынша әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстары салынған конверттер ашылады.Әлеуетті өнім берушілер тендерлік өтінімдері бар конверттерді ашу кезінде қатыса алады.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон: 8 (7172) 351293 арқылы алуға болады

 

Қосымшаны сақтау...

 

logo-kz.jpg
Ғылым мен медициналық тәжірибенің үздігі - балалар игілігіне!
Мекен-жай: Астана қаласы, Тәуелсіздік д. 11/1
Анықтама телефоны:
8 (7172)35-13-05
Сенім телефоны: +7 (7172)
35-11-87, 35-13-05,
+7700 966 25 87 (ватсапп)

ПҚҚ

© Copyright 2024 site-pro.kz.