Мемлекеттік Рәміздер күні
- Қаралды: 334
4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні.
Тура 30 жыл бұрын мемлекетіміздің айрықша белгілері бекітілді: Елтаңба, Әнұран, Ту - Тәуелсіздігіміздің тұмарына ғана емес, еліміздің қалыптасу нышанына айналды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай № 1 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасы қызметкерлерінің қатысуымен іс-шара өткізілді.
Назар! Хабарландыру!
- Қаралды: 363
Құрметті ата-аналар!
04.06.2022 ж. сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін Тәуелсіздік даңғылы, 11/1 мекен-жайы бойынша орналасқан "№1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында" ШЖҚ МКК Балаларды қорғау күніне және балалар жылына арналған "Ашық есік күні" өтеді.
0 жастан 17 жасқа дейінгі балаларға невропатолог, гематолог, ревматолог, аллерголог, педиатр, неонатолог, пульмонолог, гастроэнтеролог, эндокринолог, нефролог сияқты мамандар тегін консультация жүргізеді.
Бұл іс-шара ата-аналардың назарын балаларының денсаулығына назар аудару мақсатында өткізіледі.
Барлық ниет білдірушілерді мамандардың тегін консультациясынан өтуге шақырамыз!
«Менің туым — менің мақтанышым»
- Қаралды: 407
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай №1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы «Менің туым — менің мақтанышым» челленджін жалғастырды. Қызметкерлер мемлекеттік рәміздердің құрылу тарихын айтып, мемлекеттік рәміздердегі бекітілген бейнелердің басқа да ұсынылған нұсқалары мен маңыздылығын білді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы — Елтаңба мен Әнұранмен қатар Республиканың ресми Мемлекеттік рәміздерінің бірі.
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай
- Қаралды: 378
Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күніне орай № 1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасын Нұр-Сұлтан қаласы "Алматы" ауданы әкімінің аппараты құттықтады. "Reelis" анимациялық агенттігі балалармен ойын-сауық бағдарламасын өткізді, онда балалар би биледі, ойындар ойнады және көңілді болды.
Іс-шара соңында бірлескен фото жасалды. №1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының әкімшілігі аталған іс-шараны ұйымдастырғаны және құттықтағаны үшін үлкен алғыс білдіреді.
Референдум бойынша түсүніктеме жұмыстары өтіп жатыр
- Қаралды: 413
Бүгін 2022 жылдың 1 маусымында референдумды түсіндіру мақсатында №1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасына Аманат партиясының Нұр-Сұлтан қалалық филиалының саясат бөлімінің басшысы Сейітов Ахмет Мағзұмұлы келді.
Аурухана директоры Әсел Хабдулкамаловна Шаймердиновамен бірлесіп Конституцияға қандай өзгерістер енгізіліп жатқанын және болашақта біздің елімізді қандай жақсартулар күтіп тұрғанын егжей-тегжейлі түсіндірді, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің референдумға қатысты сұрақтарына жауап берді.
Соңында балаларға жайлы жағдай жасау үшін барлық жағдай жасалатынын атап өтті.
Аурухана қызметкерлері дауыс беру қажеттілігін қолдайды және 5 маусымда сайлау учаскелеріне барады.