Пациенттерге қолдау көрсету Бөлімге өту
8 (7172) 35-13-05
Анықтама
+7 (7172) 35-11-87, 35-13-05, +7-700-966-24-96 (whatsapp)
Сенім телефоны
gdb1_glav@mail.ru
E-mail
Астана қ.
Тәуелсіздік к. 11/1

Бүгін №1 көпбейінді балалар ауруханасында медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. Салтанатты жиын медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орайластырылды.

Қазақстанда жыл сайын мереке жаздың үшінші жексенбісінде тойланады. Соңғы жылдары коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты денсаулық сақтау саласына ауыр сынақтар түсті. Дәл осы ел мен әлем үшін ең қиын кезеңде дәрігерлер таңдаған ісіне деген кәсібиліктің, жанқиярлықтың және адалдықтың жоғары деңгейін көрсетті.

Бүгін тарихи күн. №1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасындағы №208 сайлау учаскесінде референдум аясында дауыс беру белсенді өтіп жатыр.

Аурухана қызметкерлері және кішкентай пациенттерге күтім жасайтын адамдар өздерінің азаматтық парызын орындай отырып, еліміздің одан әрі өркендеуі үшін дауыс береді!

18 жасқа толған Қазақстан азаматтары Референдумға қатысу құқығына ие.

Референдум ерікті түрде қатысу, еркін ерік білдіру, сондай-ақ жалпыға бірдей, тең, тікелей және жасырын келісу қағидаттарында өткізіледі.

"№1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы" ШЖҚ МКК  2022 жылғы 4 маусымда Балаларды Қорғау Күніне және балалар жылына арналған «Ашық есік күні» өтті. Осындай іс-шара аурухана қабырғасында алғаш рет өткізіліп отырған жоқ, осындай іс-шаралардың арқасында ерте кезеңдерде ақаулар анықталып, диагноз қойылды. Балаларды "АстМУ" КЕАҚ иммунология, гематология және эндокринология курсымен қаладағы ең сұранысқа ие арнайы мамандандырылған дәрігерлер мен балалар аурулары кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы қабылдады, оларға қарапайым күндерде кіру оңай емес. Бұл мамандар: невропатолог, гематолог, ревматолог, аллерголог, педиатр, неонатолог, пульмонолог, гастроэнтеролог, эндокринолог, нефролог.

logo-kz.jpg
Ғылым мен медициналық тәжірибенің үздігі - балалар игілігіне!
Мекен-жай: Астана қаласы, Тәуелсіздік д. 11/1
Анықтама телефоны:
8 (7172)35-13-05
Сенім телефоны: +7 (7172)
35-11-87, 35-13-05,
+7 700 966 24 96
© Copyright 2025 site-pro.kz.