E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара

on .

"№1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының" директоры Әсел Хабдулкамалқызы Шаймердинова өз қызметкерлерін медицина қызметкерлері күнімен құттықтады.

Медицина қызметкерлері салауатты және күшті қоғамның қалыптасуына үлкен үлес қосады. Әлемнің бірде-бір елі медицинасыз жасай алмайды, өйткені бұл ең маңызды әлеуметтік элемент, онсыз халықтың өмір сүруі мүмкін емес.

Жыл сайын маусымның үшінші жексенбісі Медицина туының астында өтеді. Бұл күні дәрігерлер, фельдшерлер, медбикелер, акушерлер, көмекші қызметкерлер құттықтаулар қабылдайды.

"Медицина қызметкерлері күні" мерекесі қарсаңында

on .

"Медицина қызметкерлері күні" мерекесі қарсаңында Нұр Отан партиясының Алматы қалалық филиалында медицина қызметкерлері күніне орай салтанатты түрде алғыс хаттар табыс етілді.

"№1 КҚБА" ШЖҚ МКК директоры Шаймердинова Асель Хабдулкамаловна марапатталды.

"Қамқорлық" оңалту орталығының балаларды қабылдау тәртібі мен шарттары

on .

Бұл орталық церебралды сал ауруы (оның барлық түрлері) диагнозы бар балаларға арналған.

Оңалту орталығына кешенді медициналық-әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық қолдауды қажет ететін балалар қабылданады.

Жазғы кезеңіне байланысты бүгінгі таңда, 2021 жылдың МАУСЫМ және ШІЛДЕ айларында келу аяқталды. Осыған байланысты сіз жоғары білікті, заманауи оңалту көмегін 2021 жылдың ТАМЫЗ айында ала аласыз (тұрғылықты жеріңіз бойынша өз емханаңызға алдын ала хабарласуыңызды сұраймыз).

01.png02.png03.png04.png05.png06.png