E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Директордың блогы

Директор

Шаймердинова Асель Хабдулкамаловна

Сұрақ қою


Защитный код
Қайтадан

Сұрақ-жауаптар   

#2 Назеркеге жауап 25.02.2021 01:24
Цитирую Назерке:
Балалардағы кант диабеті жедел көмекті қайдан бастауымыз керек

Сәлеметсіз бе. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы" ШЖҚ МКК Сіздің өтінішіңізге төмендегілерді хабарлайды: Сізге тұрғылықты жеріңіз бойынша емханаға учаскелік дәрігерге бару қажет, ол эндокринологқа жолдама береді. Егер сіздің балаңыз шұғыл көмекке мұқтаж болса, Сіз Нұр - Сұлтан қаласы Рақымжан Қошқарбаев даңғылы, 64 мекенжайында орналасқан "№2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының" қабылдау бөліміне жүгіне аласыз.
Сонымен қатар, сізді қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша сіз пациенттерді қолдау қызметіне хабарласа аласыз, Байланыс телефондары: 35 12 55, 35 11 87
Сұраққа жауап
#1 Гүлнар Әділ 02.04.2019 10:09
Алғыс хат
Құрметті Лариса Павловна, мен - Гүлнар Әділ, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғынымын. Сіздерге алғыс хат жазуымның ерекше себебі бар. Соны баяндауға рұқсат етіңіз.
2019 жылы 4 наурыз күні Райса Қанағат есімді үшінші баламды дүниеге алып келдім. Перзентханадан екінші тәулік күні шығарылдық. 2019 жылы 17 наурыз күні қызымның жоғарғы дене қызуымен жедел-жәрдем арқылы Сіздердің ауруханаларыңыздың №1 Педиатрия, Жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімшесіне келіп түстік. Дәрігерлердің қойған диагнозы – пневмония. Аталған бөлімше меңгерушісі Әскербекова Жазира Әскербекқызы «Жан сақтау»-да 3 тәулік бойы емделген қызыма шұғыл әрі сапалы медициналық ем жасады. Кәсіби біліктіліктілігін дер кезінде көрсетіп, ауыр халде жатқан қызымның өміріне араша түсті. «Гиппократ» антын қабылдаған, мықты маман ретінде, сонымен-қатар бөлімше меңгерушісі ретінде ақ халатты абзал дәрігерге жүктелген қызметтік жауапкершілікті абыроймен атқарып жатқанына көзім куә болды. Бұдан бөлек, Жазира Әскербекқызының бойынан балаға деген мейірім шуағы айрықша сезілді. Мұндай сәттерді көргенде, баламның денсаулығын уайымдаған, ішкі жан-дүниенің құлазыған ана жүрегіне едәуір жубаныш пен сенім ұялатты. Қызымның көп ұзамай айығып кететініне кәміл сендім. Бұл да болса ананың моралдық жағдайына көрсетілген үлкен қолдау деп есептеймін.
Сол себепті, отбасымның атынан және жеке өзімнің атымнан Сіз басқарып отырған ұжымыңыздың жоғарыда аталған бөлімше меңгерушісіне зор алғысымды білдіргім келеді. Елдің медицина саласының дамуына өзіндік үлестерін қосып жатқан білікті дәрігерлердің еңбектері сөзсіз бағалануы керек деп ойлаймын. Еңбек бағаланға да ғана дәрігерлерге деген құрмет еселене түседі. Медицина әлеуетінің дамуына дәл осындай білікті дәрігерлердің қосатын үлестері ұшан-теңіз. Дамыған 30 елдің қатарына қосылуды мақсат еткен Қазақстанда қарапайым да адал қызмет атқарып жатқан дәрігерлерге алғысымыз шексіз.
Сіздерге мықты денсаулық, абыройлы қызмет пен баянды бақыт тілеймін. Ел игілігі мен халық денсаулығы үшін атқарып жатқан еңбектеріңіз жемісті болсын!
Нұр-Сұлтан қаласы, 1-сәуір 2019 жыл.
Сұраққа жауап
01.png02.png03.png04.png05.png06.png