E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

"Қамқорлық" оңалту орталығының балаларды қабылдау тәртібі мен шарттары

on .

Бұл орталық церебралды сал ауруы (оның барлық түрлері) диагнозы бар балаларға арналған.

Оңалту орталығына кешенді медициналық-әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық қолдауды қажет ететін балалар қабылданады.

Жазғы кезеңіне байланысты бүгінгі таңда, 2021 жылдың МАУСЫМ және ШІЛДЕ айларында келу аяқталды. Осыған байланысты сіз жоғары білікті, заманауи оңалту көмегін 2021 жылдың ТАМЫЗ айында ала аласыз (тұрғылықты жеріңіз бойынша өз емханаңызға алдын ала хабарласуыңызды сұраймыз).

Ол үшін сіздің балаңызға оңалту көмегінің қажеттілігі көрсетілетін тұрғылықты жері бойынша невропатолог дәрігерден консультация қажет.

Бұдан әрі емхана жолдаманы емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы келесі тексерулер болған жағдайда рәсімдейді:

  • ЖҚТ,
  • ЖНТ,
  • нәжіс талдауы + жағынды,
  • COVID-19-ға мұрынның жұтқыншағынан ПТР жағынды нәтижесі теріс болған жағдайда жолдама беріледі.

Орталықтың жұмысы ауысымына 50 келушіге арналған күндізгі стационар типі бойынша жүзеге асырылады.

Жұмыс уақыты: күн сайын 09:00-ден 16:00-ге дейін.

Емдеу курсы-21 күн.

"Қамқорлық" оңалту орталығы мына мекен-жайда орналасқан: Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы 11/1.

Сонымен қатар, сізді қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша сіз пациенттерді қолдау қызметіне хабарласа аласыз.

Байланыс телефондары: 35 12 55, 35 11 87.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
  • 07
  • 08
  • 09
01.png02.png03.png04.png05.png06.png