E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

30 мамыр – Дүниежүзілік астма мен аллергияға қарсы күрес күні

on .

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімі бойынша жыл сайын 30 мамырда Дүниежүзілік астма күні және Дүниежүзілік аллергиямен ауыратын науқас күні атап өтіледі.

Бронх демікпесі – тыныс жолдарының созылмалы қабынуы, ысылдау, ентігу, кеуде қуысының бітелуі және жөтел сияқты тыныс алу белгілерінің болуымен сипатталады, олар уақыт пен қарқындылықта өзгереді және тыныс жолдарының кедергісімен бірге көрінеді

Эпидемиологиялық зерттеулердің деректері бойынша әлемде шамамен 300 млн. адам бронх демікпесімен ауырады

Статистикаға сәйкес, қазір әлемде аллергияның бір немесе басқа түрінен 20% - 40%  адам зардап шегеді, яғни планетаның кем дегенде әрбір бесінші тұрғыны – аллергия.

Аллергияның көріністері әртүрлі болуы мүмкін: тамақ аллергиясы, атопиялық дерматит, бронх демікпесі, аллергиялық ринит, поллиноз, дәрілік, инсективті аллергия.

Аллергиялық реакциялардың қауіп факторлары:

1) тұқым қуалайтын фактор!!!

2) антиген-аллергенмен жиі байланысу;

3) темекі шегу (белсенді және пассивті), әсіресе балалық шақта және жүктілік кезінде;

4) бауыр жеткіліксіздігі кезіндегі қабыну және аллергия медиаторларын инактивациялау тетіктерінің жеткіліксіздігі;

5) глюкокортикоидтардың тапшылығы, минералокортикоидтардың басым болуы, дисгормональды жағдайларда лимфоидты тіннің гиперплазиясы түріндегі гормондық теңгерімнің бұзылуы;

6) жүктілік кезінде дәрі-дәрмектерді қабылдау, химиялық заттардың әсері және аллергенді тағамдарды қолдану;

7) гормональді контрацептивтер мен антибиотиктерді бақылаусыз қабылдау;

8) тамақтануда синтетикалық қоспалары бар өнімдердің басым болуы;

9) қоршаған ортаның күйзелістері мен қолайсыз факторлары.

Бронх демікпесі мен аллергияның қоздырғыш факторлары өсімдіктер, гүлдер, ағаштар, шөптер, үй шаңы, тамақ, тұрмыстық және өндірістік химиялық заттар, дәрі-дәрмектер, тіпті қайызғақ және жануарлардың сілекейі болуы мүмкін.

Бірнеше кеңестер:

  • аллергия тудыратын тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмектерден аулақ болыңыз;
  • үйде жануарларды ұстамаңыз; жануарлар аллергендері үйден шығарылғаннан кейін тағы 24 ай ішінде үй ішінде кездеседі;
  • шаң жинай алатын заттардан аулақ болыңыз: кілемдер, ескі кітаптар, жұмсақ жиһаз;
  • құтылу мүмкін емес барлық заттарды қақпақтармен жабу керек;
  • сүртуге болатын жиһазды қолданыңыз (ағаш, пластик, винил немесе былғары);
  • барлық төсек-орындарды (көрпе жамылғылары, төсеніштер, жастықтар) ыстық суда (60 °C-тан жоғары) кем дегенде 2 аптада 1 рет, құрамында фосфаты жоқ ұнтақтармен жуыңыз;
  • үйде дымқыл тазалау күн сайын жүргізілуі керек;
  • тазалау кезінде бронх демікпесі бар науқас басқа бөлмеде немесе көшеде жүргені дұрыс;
  • пісіру кезінде газ пешінің үстіндегі сорғышты қолданыңыз;
  • темекі түтінімен және бояумен жанасудан аулақ болыңыз;
  • аллергия тудыратын өсімдіктердің гүлдену кезеңінде болу аймағын уақытша өзгерту ұсынылады;
  • пассивті өмір салтын азайтыңыз;
  • дұрыс тамақтануды ұйымдастырыңыз.

Балалардағы астма мен аллергияның алғашқы алдын-алу

  • жаңа туған нәрестелер мен өмірдің бірінші жылындағы балаларды емізу; емшек сүті ағзаның иммундық жүйесінің дамуына жағымды әсер етеді және ішектің қалыпты микрофлорасының қалыптасуына ықпал етеді;
  • бала күтіміндегі шамадан тыс стерильділіктен бас тарту;
  • 4 айдан 6 айға дейінгі кезеңде қосымша тағамдарды уақтылы енгізу – бұл астма мен аллергияның алдын-алу шарасы; балаларға бал, шоколад, жаңғақтар және цитрус жемістері сияқты жоғары аллергенді тағамдарды беруге қатаң тыйым салынады;
  • баланың қолайлы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету – астма мен аллергияның алдын-алудың маңызды әдісі; темекі түтінімен немесе тітіркендіргіш химикаттармен байланысқан балалар аллергияға көбірек ұшырайды және бронх демікпесімен ауырады;
  • балалардағы тыныс алу органдарының созылмалы ауруларының алдын-алу бронхит, синусит, тонзиллит, аденоидтерді уақтылы анықтау және дұрыс емдеуден тұрады.

Ауруды емдеуден гөрі алдын-алу оңай! Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

01.png02.png03.png04.png05.png06.png