E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

№ 1 қалалық балалар ауруханасы Ақмола облысындағы жетім балаларды профилактикалық тексеруден өткізді

on .

Аурухананың медицина қызметкерлері ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Лариса Павловецпен және стационар дәрігерлері Ақмола облысының Аққайың ауылында орналасқан «Светоч» балалар үйіне барды. Бүгінде онда 23 бала тәрбиеленуде.

«Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалардың проблемасына бей-жай қарамай, оларға жақсы көңіл-күй, мейірім мен қамқорлық сыйлағымыз келді. Сондай-ақ қажет болған жағдайда медициналық көмек көрсеттік. Балалар әңгімелесіп, сырласқанды жақсы көреді, олардың жүрегі кең, әр қонақты тағатсыздана күтеді», - дейді № 1 қалалық балалар ауруханасының директоры Әсел Шаймердинова.

Елордалық аурухананың дәрігерлері балаларды профилактикалық тексеруден өткізіп, көмек көрсетті. Сондай-ақ балаларға диагностиканың зертханалық және аспаптық әдістерін жүргізді.

Сондай-ақ, ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларға материалдық көмек көрсетілді: спортпен айналысу үшін 20 жұп аяқ киім, жәндіктерден жеке қорғану құралдары, азық-түлік, сондай-ақ түрлі тәттілер берілді. Мұндай көмек Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау кәсіподағы филиалының қолдауымен жүзеге асырылды.

«Осы үйде жұмыс істейтін жүрегі кең адамдардың еңбегін жоғары бағалаймыз. Қазіргідей қарбалас шақта уақыт тауып, жетім балаларға көмек көрсетіп жүргендерге ерекше алғыс айтамыз», - деп атап өтті елордалық дәрігерлер.

 

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
  • 07
  • 08
  • 09

Бейне көз: https://astana.gov.kz

01.png02.png03.png04.png05.png06.png