E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Бала жасындағы ауруларды ықпалдастыра жүргізу

on .

Бүгін №1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында «Балаларды сұрыптау және шұғыл көмек» бағдарламасы бойынша базалық оқыту тренингі өтті.

Медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, жоғары санатты педиатр-дәрігер, БЖАЫҚ және УПМ ұлттық жаттықтырушысы Оспанова Зауре Мұратқызы дәрігерлер мен медбикелерге арналған тренинг өткізді.

Тренинг ерекше белсенді түрде бір деммен өткенін атап өткіміз келеді: Зәуре Мұратқызының материалды интерактивті түрде қолданғанын оқу процесіне толық қатысқан барлық дәрігерлер мен медбикелер растайды. Сондай-ақ, дәріскер ақпараттық-көрнекі материалдарды: тақырып бойынша буклеттерді пайдаланды.

Осылайша, қысқа мерзім ішінде оқудан өткен медицина қызметкерлері БЖАЫҚ бағдарламасы бойынша өздерінің практикалық дағдыларын жақсартты.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
01.png02.png03.png04.png05.png06.png