Қызылша ауруы туралы не білу керек?
- Қаралды: 275
Ауру үш кезеңнен тұрады: катаральды, бөртпе кезеңі және пигментация кезеңі.
Қызылшаның алғашқы белгілері аурудың катаральды кезеңінде көрінеді. Бұл кезең ұзаққа созылмайды, тек 3-5 күн, және алғашқы нақты белгілердің пайда болуымен сипатталады: ұйқышылдық пен тез шаршау пайда болады.
Республика күніне арналған марапаттау
- Қаралды: 244
Бүгін Астана қаласы әкімдігінің "№ 1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы" ШЖҚ МКК атаулы мереке - республика күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. Осы күні - 25 қазанда Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданды. Іс-шарада сөз сөйлеген директор Әсел Шаймердинова ұжым қызметкерлерін мерекемен құттықтап, грамоталар мен алғыс хаттар табыс етті.
Қызметкерлерге арналған семинар өтті
- Қаралды: 247
10.10.2023 ж. №1 көпсалалы қалалық балалар ауруханасында Астана қаласында қызылша ауруының анықталуына байланысты медицина қызметкерлеріне арналған семинар өткізілді.
Семинар барысында қызылшаның алдын алу шаралары, клиникалық көріністері, сондай-ақ осы ауруды диагностикалау және емдеу туралы айтылды.