Жалпықалалық сембілік
- Қаралды: 19
Астана қ. №1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасындағы сенбілік
Астана қаласының №1 көпбейінді балалар ауруханасында сенбілік өтті. Іс-шараға аурухана қызметкерлері белсенді түрде қатысты. Сенбілік барысында іргелес аумақ тазаланып, қоқыс жиналды, жолдар сыпырылды, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Сенбіліктің басты мақсаты — жас пациенттер, олардың ата-аналары және барлық келушілер үшін таза, жайлы және жағымды орта құру. Ұжым ұйымшылдық пен жауапкершіліктің жоғары деңгейін көрсете отырып, қоршаған ортаға қамқорлық жасаудың маңыздылығын өз үлгісімен дәлелдеді.
Мұндай іс-шаралар тек санитарлық жағдайды жақсартып қана қоймай, сонымен қатар ұжымдық рухты нығайтып, көңіл-күйді көтеруге және ортақ игілікке ұмтылуға ықпал етеді.
Іс-шараға белсенді қатысқандары үшін барлық қызметкерлерге алғыс білдіреміз!