Пациенттерге қолдау көрсету Бөлімге өту
8 (7172) 35-13-05
Анықтама
+7 (7172) 35-11-87, 35-13-05, +7700 966 25 87 (ватсапп)
Сенім телефоны
gdb1_glav@mail.ru
E-mail
Астана қ.
Тәуелсіздік к. 11/1

Баға ұсыныстарын сұрату әдісімен шығыс материалдарын сатып алуды өткізу туралы хабарландыру (Клиникалық зертхана)

Сатып алуды ұйымдастырушы Астана  қаласы әкімдігінің «№1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, «Алматы» ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 11/1.

Шығыс материалын сатып алу туралы ақпарат (атауы, қысқаша сипаттамасы, сатып алу көлемі және сатып алу үшін бөлінген сома) осы хабарландыруға №1 қосымшада (сатып алынатын тауарлардың тізбесі) көрсетілген.

Жеткізу мерзімі мен шарттары - осы хабарландырудың 1-қосымшасында көрсетілген.

Тапсырыс беруші нақты жеткізілген тауар үшін төлемді Тапсырыс беруші қабылдау-беру актісіне қол қойған және өнім беруші шот-фактураны ұсынған сәттен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде жүргізеді.

Әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстары, Астана қаласы, Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 11/1, 2 қабат 204 кабинет, Мемлекеттік сатып алу бөлімі, 23.05.2023 ж. сағат 15.30-дан 31.05..2023 ж. сағат 15.30-ға дейін, (жұмыс тәртібі 08.30-дан 17.30-ға дейін демалыс және мереке күндерін қоспағанда; түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін).

Әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстары бар конверттер Астана қаласы, Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 11/1, 1 қабат, 142 кабинет, Мемлекеттік сатып алу бөлімі мекенжайы бойынша 2023ж31.05.2023 сағат 16:00-де ашылады.

 

Әлеуетті өнім берушілер баға ұсыныстарын берудің соңғы мерзімі өткенге дейін берілген баға ұсыныстарын кері қайтарып алуға құқылы.

Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысын беруі хабарландыруда, сатып алу туралы шарттың жобасында, сатып алынатын тауарлардың техникалық ерекшелігінде көзделген сұрау салу талаптарына сәйкес оның тауарларды беруді жүзеге асыруға келісімін білдіру нысаны болып табылады.

Әлеуетті өнім беруші сатып алуға қатысу үшін мынадай құжаттарды қамтитын мөр басылған түрде 1 (бір) баға ұсынысын береді:

  1. хабарландыруға қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуетті өнім берушінің қолы қойылған және мөрі басылған (ол болған кезде) бекітілген бағалар кестесі. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысына жеткізуге байланысты барлық шығыстар, оның ішінде салықтар енгізіледі;
  2. рұқсат беру органдары лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімі арқылы жүзеге асыратын, жеке немесе заңды тұлғаның әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға құқығын растайтын рұқсат;
  3. ұсынылатын тауарлардың ҚР ПП 375 4-тарауында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар.

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыруға (бұдан әрі – хабарландыру) сатып алынатын шығыс материалдарының, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың, медициналық бұйымдардың тізбесі (хабарландыруға №1 қосымша), баға ұсынысының нысаны (хабарландыруға №2 қосымша) қоса беріледі және осы хабарландырудың ажырамас бөлігі болып табылады.

Әлеуетті өнім беруші  конверттің беткі жағында:

  • әлеуетті өнім берушінің атауы, орналасқан жерінің мекенжайы, байланыс телефоны, электрондық мекенжайы,
  • сатып алуды ұйымдастырушының атауы, орналасқан жерінің мекенжайы,
  • әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы ұсынылатын қатысу үшін тауарларды сатып алу атауы.

Белгіленген мерзім өткеннен кейін және/немесе хабарландырудың 9-абзацының талаптарын бұза отырып ұсынылған баға ұсынысы бар Конверт әлеуетті өнім берушіге қайтарылады.

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды сатып алу қорытындыларын бекіту туралы шешім ол бекітілген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде сатып алуды ұйымдастырушының Интернет-ресурсында жарияланады

Сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі: Панченко Людмила Николаевна, Мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы, тел:8(7172)35-12-93.

 

Қосымшаны сақтау...

 

logo-kz.jpg
Ғылым мен медициналық тәжірибенің үздігі - балалар игілігіне!
Мекен-жай: Астана қаласы, Тәуелсіздік д. 11/1
Анықтама телефоны:
8 (7172)35-13-05
Сенім телефоны: +7 (7172)
35-11-87, 35-13-05,
+7700 966 25 87 (ватсапп)

ПҚҚ

© Copyright 2024 site-pro.kz.