Пациенттерге қолдау көрсету Бөлімге өту
8 (7172) 35-13-05
Анықтама
+7 (7172) 35-11-87, 35-13-05, +7700 966 25 87 (ватсапп)
Сенім телефоны
gdb1_glav@mail.ru
E-mail
Астана қ.
Тәуелсіздік к. 11/1

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен дәрілік заттарды сатып алуды өткізу туралы хабарландыру

Сатып алуды ұйымдастырушы Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 1 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, "Алматы" ауданы, Тәуелсіздік даңқы, 11, 1, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен дәрілік заттарды сатып алуды жүргізу туралы жариялайды

Дәрілік заттарды сатып алу туралы ақпарат (атауы, қысқаша сипаттамасы, сатып алу көлемі және сатып алу үшін бөлінген сома) осы хабарландыруға №1 қосымшада (сатып алынатын тауарлардың тізбесі) көрсетілген.

Жеткізу мерзімі және шарттары – осы хабарландыруға №1 қосымшада көрсетілген.

Нақты жеткізілген тауар үшін ақы төлеу беру-қабылдау актісіне Тапсырыс беруші қол қойған және Өнім беру есеп-фактурасын ұсынған сәттен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде Тапсырыс берушімен жүргізіледі.

Әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстары, Нұр-сұлтан қ., "Алматы" ауданы, Тәуелсіздік даңғ., 11/1, 1 қабат 142 кабинет, Мемлекеттік сатып алу бөлімі, сағат 15.30-дан 03.06.2022 ж. 15.30-ға дейін, 10.06.2022 ж.сағат 15.30-ға дейін (жұмыс тәртібі сағат 08.30-дан 17.30-ға дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда; түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. 00 мин.).

Нұр-сұлтан қ., Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 11/1, 1 қабат, 142 кабинет, Мемлекеттік сатып алу бөлімі мекенжайы бойынша әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді ашу 16 сағат 00 минутта 10.05.2022 ж.

Әлеуетті өнім берушілер баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін берілген баға ұсыныстарын кері қайтарып алуға құқылы.

Әлеуетті өнім берушімен ұсынылған баға ұсынысы хабарландырумен, сатып алу туралы шарт жобасымен, сатып алынатын тауарлардың техникалық ерекшелігімен көзделген сұрату шарттарына сәйкес, оның тауарды жеткізуді жүзеге асыруға берген келісімінің нысаны болып табылады.

Әлеуетті өнім беруші сатып алуға қатысу үшін  1 (бір) баға ұсынысын конвертпен жапсырылған күйде ұсынады, ол мынадай құжаттарды қамтиды:

  1. Хабарландыруға қоса берілген қосымшаға сәйкес, нысан бойынша әлеуетті өнім берушінің мөрімен (бар болса) таңбаланған және қол қойылған бағалар кестесі. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысына жеткізумен байланысты барлық шығындар, оның ішінде салықтар кіреді;
  2. Лицензиялау немесе рұқсат рәсімдері арқылы рұқсат органдарымен жүзеге асырылатын әрекеттерді (операцияларды) іске асыру арналған жеке немесе заңды тұлғаның құқығын растайтын рұқсат;
  3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің №375 қаулысының 4-тарауымен белгіленген талаптарға ұсынылған тауарлардың сәйкестігін растайтын құжаттар.

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыруға (бұдан әрі-хабарлама) сатып алынатын дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың (хабарламаға №1 Қосымша, баға ұсынысының нысаны (хабарламаға №2 Қосымша) тізімі қоса беріледі және осы хабарландырудың ажырамас бөлігі болып табылады.

Баға ұсыныстары көрсетілген жапсырылған конверттің беттік жағында әлеуетті өнім беруші:

  • әлеуетті өнім берушінің атауын, орналасқан мекенжайын, байланыс телефонын, электрондық мекенжайын,
  • сатып алуды ұйымдастырушының атауын, орналасқан мекенжайын,
  • қатысу үшін әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы ұсынылатын тауарларды сатып алу атауын көрсетеді.

Белгіленген ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін ұсынылған және/немесе хабарландырудың 9-тармағының талаптарын бұза отырып ұсынылған баға ұсыныстары көрсетілген конверт әлеуетті өнім берушіге кері қайтарылады.

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды сатып алу қорытындысын бекіту туралы шешім сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсында оны бекіткен күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде жарияланады

Сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі: Панченко Людмила Николаевна, Мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы, тел: 8 (7172) 35-12-93.

 

Қосымшаны сақтау...

logo-kz.jpg
Ғылым мен медициналық тәжірибенің үздігі - балалар игілігіне!
Мекен-жай: Астана қаласы, Тәуелсіздік д. 11/1
Анықтама телефоны:
8 (7172)35-13-05
Сенім телефоны: +7 (7172)
35-11-87, 35-13-05,
+7700 966 25 87 (ватсапп)

ПҚҚ

© Copyright 2024 site-pro.kz.